Қазақстандық футболшы әлемдік таланттарды басып озып, Football Manager 2027 ойынында үздік атанды
Қазақстандық жас футболшы Дәулет Орынбасар Football Manager 2027 ойынындағы болашағы зор ойыншылар рейтингі жарияланғаннан кейін шетелдік сарапшылардың назарына ілікті, деп хабарлайды Sports24.kz.
Беделді британдық SPORTbible басылымы «Қайраттың» 17 жастағы шабуылшысын ойын пайдаланушыларына сатып алуға кеңес берілетін футбол симуляторындағы жасырын таланттардың ондығына қосты.
Қазақстандық ойыншының болашағына берілген баға ерекше әсер қалдырады. FM Scout арнайы ресурсының мәліметінше, Орынбасардың әлеует рейтингі 100 балдың ішінен 91 балды құрады. Бұл — болашағы зор футболшылар базасына енгізілген шабуылшылар арасындағы ең жоғары көрсеткіш.
Алматылық клуб түлегінің нәтижелілігі де шетелдік мамандардың назарын аударды. Орынбасар жастар деңгейінде 53 матч өткізіп, 65 гол соғып, 23 нәтижелі пас берген.
Сонымен қатар футбол симуляторында қазақстандық таланттың құны шамамен бір миллион фунт стерлингке бағаланады. Бұл оны виртуалды трансферттер үшін тартымды нұсқаға айналдырады.
Бір қызығы, бұған дейін Орынбасардың есімі италиялық «Комо» клубымен байланыстырылған еді. Алайда оның еуропалық клубқа ықтимал ауысуы туралы әзірге ресми растау болған жоқ.
Қазақстандық шабуылшының болашағы зор футболшылардың халықаралық рейтингіне енуі отандық футболдың жас тәрбиеленушілеріне қызығушылықтың артып келе жатқанының тағы бір дәлелі болды.
Айта кетейік, Football Manager пайдаланушыларға клубтарды басқаруға, жас ойыншыларды дамытуға және өз трансферлік