Ұлттар лигасының матчы қарсаңында Фарер аралдарында Қазақстан құрамасы туралы не жазып жатыр?
26 қыркүйекте Қазақстан құрамасы үшін Ұлттар лигасының жаңа маусымы Фарер аралдарына қарсы сырт алаңдағы матчпен басталады. Sports24.kz осы ойынға назар аударған аралдық баспасөзге шолу жасады.
KVF басылымы негізінен Қазақстан құрамасының Вагар әуежайына уақытылы жете алмауына байланысты туындаған мәселелер туралы оқырмандарына ақпарат берді. Сонымен қатар басылым ұлттық құраманың бас бапкері Эйдун Клакстейннің пікірін келтірді. Ол ҚПЛ-да өнер көрсететін «Қызылжар» клубының ойыншысы Йоаннес Бьярталидаға назар аударды:
«Ең алдымен, біз қолжетімді барлық ашық дереккөздерді — бейнематериалдар мен басқа да ақпараттарды пайдаланамыз. Бұдан бөлек, бізге көмектесе алатын таныстарымыз бар. Қазақстанда да бізге аздап көмектесе алатын ойыншымыз бар», — деді Эйдун Клакстейн. Ол ақпан айынан бері «Қызылжар» сапында өнер көрсетіп жүрген Йоаннес Бьярталида туралы айтып отыр.
Ал Roysni порталы алдағы қарсыласты талдауға әлдеқайда тиянақтырақ кіріскен. Дегенмен, басылым Ислам Чесноков әлі де шотландиялық «Хартс» сапында ойнайды деп қате көрсеткен. Шын мәнінде, Қазақстан құрамасының қанат ойыншысы өткен маусым аяқталғаннан бері «Тобыл» арқылы өтіп, «Крылья Советов» командасына ауысып, екі клуб ауыстырып үлгерді:
«Қазақстанда ойнамайтын футболшылардың қатарында қорғаушы әрі капитан Нұралы Әліп бар. Ол Санкт-Петербургтің «Зениті» сапында өнер көрсетеді, тағы екі ойыншы да Ресей лигасында ойнайды. Шабуыл шебіндегі көзге түсетін ойыншылардың бірі Ислам Чесноков шотландиялық «Хартс» клубында өнер көрсетеді. Бұл команда жақында «Викингурдан» Арон Беньяминсенді сатып алды.
Қазақстан құрамасының қақпашысы Әзербайжан чемпионы атанған «Сабах» клубының да қақпашысы болып табылады. Команда Чемпиондар лигасында өнер көрсетеді және жақында «Олд Траффордта» ойнады.
Көптеген ойыншылардың өз елінде өнер көрсетуінің себептерінің бірін қазақстандық бірқатар клубтардың қаржылық қуатынан да іздеу керек. «Қайрат» пен «Астана» әр жылдары Чемпиондар лигасының топтық/лигалық кезеңінде ойнаған».
Еске салайық, Фарер аралдары мен Қазақстан құрамалары 26 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 21:00-де ойнайды.