Қақпада Покатилов: Фарер аралдары – Қазақстан матчына құрамдар
26 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының С тобында Фарер аралдарына қарсы сырт алаңдағы матч өткізеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Фарер аралдарындағы кездесудің алғашқы ысқырығы Астана уақытымен 21:00-де естіледі. Фарер аралдары — Қазақстан матчының тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Командалардың бас жаттықтырушылары матчқа шығатын негізгі құрамдарды жариялады.
Айта кетейік, ұлттық құрамаға қайта оралғаннан кейін қақпадан Стас Покатилов орын алады.
Фарер аралдары: Ламхёуге, Фере, Ванхамар, Эдмундссон, Даниэльссон, Бьярталид, Тури, Агнарссон, Самуэльсен, Кнудсен, Сёренсен.
Қазақстан: Покатилов, Ерланов, Мрынский, Алип, Вороговский, Исламхан, Қуат, Қараман, Кенжебек, Шушеначев, Әмір.
