locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ливерпуль» ПСЖ-нің болашағы зор жартылай қорғаушысына көз тікті

«Қызылдар» Уоррен Заир-Эмериді өз сапына қосуға ниетті
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
«Ливерпуль» ПСЖ-нің болашағы зор жартылай қорғаушысына көз тікті
ФОТО: Getty Images

«Ливерпуль» осы жазда ПСЖ-нің француз жартылай қорғаушысы Уоррен Заир-Эмериге қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Sports24.kz.

Француз ойыншысының шеберлігі «қызылдардың» назарын аударды. Сондықтан мерсисайдтық клуб 20 жастағы жартылай қорғаушының жағдайын жіті бақылап отыр. «Пари Сен-Жерменмен» 2029 жылдың маусымына дейін келісімшарты болғанына қарамастан, Заир-Эмери тұрақты ойын тәжірибесін ала алмай жүр. Бұл жағдай француз футболшысының басқа командаға ауысуға деген ынтасын арттыруы мүмкін.

Осы уақытта «Ливерпуль» белсенді ізденіс үстінде және жазғы трансферлік терезеде ойыншыға ресми ұсыныс жасауға дайын. Хабарларға қарағанда, «қызылдар» Уоррен үшін өтемақы сомасын төлеуге әзір. Қазіргі таңда ұлттық құрамамен әлем чемпионатына дайындалып жатқан Франция құрамасының ойыншысы Transfermarkt порталы бойынша 80 миллион еуроға бағаланып отыр.

Алайда мәліметтерге сүйенсек, ПСЖ болашағы зор жартылай қорғаушысын оңайлықпен жібергісі келмейді, тек аса тиімді ұсыныс түскен жағдайда ғана келісуі мүмкін.

Бұған дейін «Ливерпульдің» жұлдызы клубқа қатаң ультиматум қойғаны хабарланған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie