«Біз бұл қиындықты еңсереміз». «Сутьеска» бас бапкері Чемпиондар лигасындағы «Қайратқа» қарсы ойындарды бағалады
Черногориялық «Сутьеска» командасының бас бапкері Милорад Пекович Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Қайратқа» қарсы өтетін алдағы матчтар туралы пікір білдірді.
«Әрине, бұл біздің ең қиын қарсыластарымыздың бірі. Өткен маусымда олар Чемпиондар лигасында өнер көрсетті, құрамында сапалы ойыншылар жеткілікті. Әлдеқайда жеңілірек қарсыластар да болар еді, бірақ бұл біз үшін артықшылық болуы мүмкін — бізде жоғалтатын ештеңе жоқ, сондықтан барып, қарсыласты таңғалдыра аламыз деп сенеміз. Себебі біз өзімізге сенеміз, екі-үш күшейтумен бұл сыннан өте аламыз.
«Қайрат» сөзсіз фаворит саналады, бірақ біз тосынсый жасауға тырысамыз. Біз өз күшімізге сенеміз. Әрине, оңай болмайды, бірақ осындай мықты қарсыласпен қаншалықты жақсы ойнай алатынымыз өзімізге байланысты. Біз лайықты ойын көрсетуге барымызды саламыз. Өзіміздің мықты тұстарымызды пайдалануға тырысамыз», – деді Пекович Vijesti басылымына берген сұхбатында.
«Қайрат» пен «Сутьеска» арасындағы алғашқы матч Алматыда өтеді, ал қарымта ойын Черногория чемпионының алаңында болады. Бірінші іріктеу кезеңінің ойындары 7/8 және 14/15 шілде күндері өтеді. Матчтардың нақты күнін УЕФА клубтық жарыстар комитеті кейінірек анықтайды.