locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Левски» - «Қайрат»: Уразбахтиннің Чемпиондар лигасы матчына таңдауы

Іріктеу кездесуінің алғашқы ысқырығы 22:30-де естіледі
ФОТО: «Кайрат»
Чемпиондар Лигасы
Live, 45'
Левски София
0
Кайрат
0

«Қайраттың» болгариялық «Левскиге» қарсы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі старттық құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Болгариядағы іріктеу кездесуінің алғашқы ысқырығы Қазақстан уақыты бойынша 22:30-де естіледі. Тікелей көрсетілім Qazsport телеарнасында және Kairat TV-дің YouTube-арнасында қолжетімді болады.

«Левски»: Вуцов, Невеш, К. Димитров, Серафимов, Сентельес, Эль-Мубарик, Трдин, Сержинью, Окофлекс, Эвертон Бала, Рейналдо;

«Қайраттың» : Анарбеков, Мата, Африко, Мартынович, Мрынский, Байбек, Оксанен, Мендонса, Юккола, Эдмилсон, Гуаль.

«Қайрат» пен «Левскидің» қарымта матчы 11 тамыз күні Түркістандағы «Түркістан Аренада» өтеді.

Егер алматылықтар болгариялық ұжымды ұтса, плей-офф кезеңінде олар гректің АЕК клубымен кездеседі. Ойындар 18/19 тамызда (бірінші матч) және 25/26 тамызда (қарымта матч) өтеді. Алғашқы ойын «Левски» – «Қайрат» жұбының жеңімпазының алаңында ойналады.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан жағдайда «Қайрат» Еуропа лигасының негізгі кезеңіне қатысу құқығына ие болады. Ал егер «Левскиді» айналып өте алмаса, алматылықтар Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне түседі.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie