«Қайраттың» Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі ықтимал қарсыластары белгілі болды
3 тамыз күні Чемпиондар лигасының іріктеу плей-офф кезеңінің жеребесі өтеді. Бұл кезеңге болгариялық «Левскимен» жұпта қазақстандық «Қайрат» та қатысады. Қазірдің өзінде негізгі кезеңге жолдама бермейтін қарсыластардың кім болуы мүмкін екені белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Қайраттың» клубтық коэффициенті қарсыласынан әлдеқайда жоғары болғанымен, бұл оны себілгендер қатарына қосуға жеткіліксіз болды. «Қайрат» — «Левски» жұбының атауы жазылған шар себілмегендер қоржынында болады. Осы қоржыннан шыққан жағдайда, жұптың жеңімпазына мына қарсыластардан біреуі тап болуы мүмкін:
- «Црвена Звезда» (Сербия) — «Хапоэль Беер-Шева» (Израиль) жұбының жеңімпазы
- «Динамо Загреб» (Хорватия) — «Кауно Жальгирис» (Литва) жұбының жеңімпазы
- «Селтик» (Шотландия)
- «Слован» (Словакия) — «Мелльбью» (Швеция) жұбының жеңімпазы
- АЕК Афины (Грекия)
Бұл тізімде «Қайрат» жанкүйерлеріне жақсы таныс екі команда бар. Өткен маусымда алматылықтар үшінші іріктеу кезеңінде Словакия чемпионы «Слованды» пенальти сериясында жеңіп, жарыстан шығарып тастаған болатын.
Одан кейін Рафаэль Уразбахтин шәкірттері плей-офф кезеңінде «Селтикпен» кездесіп, екі матч та 0:0 есебімен аяқталды. Бірақ пенальти сериясында Темірлан Анарбековтің қайсар сейвтері арқасында «Қайрат» алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алған еді.
Айта кетейік, бұған дейін УЕФА биылғы маусымдағы «Қайрат» пен «Левски» арасындағы үшінші іріктеу кезеңі матчтарының күнін және уақытын бекіткен болатын.