Терең ойлар: Джорджина Родригес іш киіммен ашық фото жариялады
Криштиану Роналдуның қалыңдығы Джорджина Родригес өзін қабылдау мен бала тәрбиесі туралы ойларын ашық айтып, жарияланымына іш киімдегі суретін тіркеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Португалиялық аңыз шабуылшының серіктесі өзінің Instagram парақшасында эмоцияға толы жазба жариялап, онда өз денесін қабылдау, аналықтың шынайы келбеті мен отбасын қазіргі әлемнің жалған құндылықтарынан қорғау туралы ойларымен бөлісті.
Джорджина жасы ұлғайған сайын денесінің міндетті түрде өзгеретінін мойындап, бұл өзгерістер өмірдің жалғасып жатқанын білдіретіндіктен, оны қуанышпен қабылдайтынын айтты. Ол әсіресе үш қызын тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтіп, Криштианумен бірге балаларына адамның құндылығы сырт келбетпен немесе өзгелердің пікірімен өлшенбейтінін үйретуге тырысатындарын ерекше айтты.
Айта кетейік, Джорджина Родригес пен Криштиану Роналду 2016 жылдан бері бірге, алты баланы тәрбиелеп отыр және жақында спорт және шоу-бизнес жұлдыздары үшін айтулы оқиға болатын үлкен үйлену тойын өткізуді жоспарлауда.
Бұған дейін аңыз португалиялық пен оның қалыңдығының тойы қашан өтетіні белгілі болған еді.