locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мадрид Лионель Мессиге асыл әрекеті үшін алғыс айтты

Аргентина жұлдызы өрттен зардап шеккен аймаққа көмек қолын созды
ФОТО: Getty Images

Аңызға айналған аргентиналық шабуылшы Лионель Месси Мадрид қауымдастығындағы Сьерра-Оэсте өңірін қалпына келтіруге 80 000 еуро қайырымдылық жасады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бұл игі іске қатысты Мадрид қауымдастығының президенті Исабель Диас Аюсо пікір білдірді. Ол футболшыға ашық алғыс айтып, Испания астанасының тұрғындары жақын арада Лионельді жеке қарсы алады деген үмітін жеткізді.

«Мен оған алғыс айтамын және Мадрид тұрғындары жақында оны көріп, лайықты құрмет көрсетеді деп сенемін», — деді Диас Аюсо.

Айта кетейік, өрт Сьерра-Оэсте өңірінде 30 000 гектардай жерді күлге айналдырған болатын. Жиналған қаражат зардап шеккен муниципалитеттерді қалпына келтіруге, инфрақұрылымды жөндеуге және табиғи аймақтарды қайта жаңғыртуға бағытталады.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie