«Қайрат» пен «Левски» Чемпиондар лигасында: онлайн қараңыз
Алматының «Қайрат» командасы бүгін, 4 тамыз күні, Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын болгарлық «Левскиге» қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесу Софияда өтеді және Қазақстан уақыты бойынша 5 тамыз түні аяқталады. Кеше алматылық команда Болгарияға келіп, ойын алдындағы алғашқы жаттығуын өткізді.
Матч Қазақстан уақытымен 22:30-да басталады. Тікелей трансляцияны Qazsport телеарнасынан, сондай-ақ Kairat TV-нің YouTube-арнасынан көруге болады.
- Матчтың ең қызықты сәттері Telegram-дағы Sports24.kz арнасында live режимде қолжетімді болады
Transfermarkt деректері бойынша, «Левски» құрамының жалпы құны 37,8 миллион еуроға бағаланса, «Қайраттың» құрамы 9,2 миллион еуроға бағаланып отыр.
Келесі кезеңге жолдама алса, алматылықтар грек АЕК командасымен кездеседі. Ал төртінші іріктеу кезеңіндегі жеңіс қазақстандық футбол үшін тарихи болмақ – бұған дейін Қазақстан клубтары Чемпиондар лигасының іріктеуінен екі рет қатарынан өте алмаған еді.