locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Күрестегі талант: Нани ҚПЛ матчында қарсыласын белден асыра лақтырды

Португалиялық әлемдік футбол жұлдызы тек футболда ғана мықты емес
ФОТО: Актобе
Қазақстан Премьер-Лигасы
05.09.2026, Аяқт.
Актобе
1
Женіс
0

«Ақтөбе» ҚПЛ-дің 25-турындағы матчта «Жеңісті» қабылдап жатыр, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бірінші таймда командалар гол соққан жоқ. Алайда ойынның басында алаң иелерінің ойыншысы Луиш Нанидің қатысуымен қызықты эпизод болды. Португалиялық жұлдыз футболда ғана емес, күресте де мықты екенін көрсетті.

Ойын сәттерінің бірінде Нани қарсылас ойыншысы Исламбек Қуатты алаңның дәл ортасында белінен асыра лақтырып жіберді. Бұл әрекеті үшін португалиялық футболшыға сары қағаз көрсетілді. Эпизодтың видеосын төменнен көруге болады.

Осы маусымда 39 жастағы Нани «Ақтөбе» сапында (бүгінгі матчты есептемегенде) 21 ойын өткізіп, 3 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, Игорь Черевченконың командасы бұл матчқа ҚПЛ турнирлік кестесінің бесінші сатысында келді. Ал елордалық «Жеңіс» сегізінші орында тұр.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie