Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы «Қайраттың» қызығушылық аясына енді
Қазақстан құрамасы мен Қостанайдың «Тобол» клубының жартылай қорғаушысы Жаслан Жұмашев «Қайраттың» қызығушылық аясына енді, деп хабарлайды Sports24.kz.
ASnews.kz мәліметінше, 25 жастағы хавбек қыс мезгілінде құрамды күшейту үшін алматылық клубтың қысқа тізіміне енген. Алайда футболшының өзі мансабын Қазақстаннан тыс жерде жалғастыру нұсқаларын қарастырып жатыр.
Қазақстандық футболшының «Тоболмен» қазіргі келісімшарты 2026 жылдың соңында аяқталады. Бұл оған кез келген клубпен еркін агент мәртебесінде келіссөз жүргізуге мүмкіндік береді.
Аяқталып келе жатқан маусымда Жұмашев қостанайлықтардың сапында барлық турнирде 22 матчқа қатысып, сегіз гол соқты және екі нәтижелі пас берді. Биыл футболшы Қазақстан ұлттық құрамасында дебют жасады.
Бұған дейін «Қайраттың» маусым соңында бразилиялық қорғаушымен қоштасатыны хабарланған болатын.
Сондай-ақ Алматы клубынан бас бапкер Рафаэль Уразбахтин кетті. Маман «сары-қаралар» чемпиондық мүмкіндігінен айырылып, титул үшін күресте «Ордабасыға» жол бергеннен кейін отставкаға кету туралы өтініш жазды.
Бас бапкер міндетін атқарушы болып бұған дейін «Қайрат-Жастарды» басқарған Жора Арутюнян тағайындалды. Оның жетекшілігімен команда ҚПЛ маусымындағы «Алтайға» қарсы қорытынды матчқа дайындалады.