«Ақтөбе» ҚПЛ аясындағы үй матчында «Жеңісті» қиындықпен жеңді
«Ақтөбе» Қазақстан Премьер-лигасының 25-турындағы үй матчында «Жеңісті» қабылдады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Ойынның бірінші бөлігінде командалар гол соға алмады, әрі бір-бірінің қақпасына санаулы ғана рет қауіп төндірді.
Есте қаларлық оқиғалардың бірі алаң иелерінің жұлдызды ойыншысы Луиш Нанидің қатысуымен болған көңілді эпизод еді. Ол алаңның дәл ортасында күрестегі шеберлігін көрсетті.
Екінші таймда алаңдағы жағдай айтарлықтай өзгерген жоқ: командалар сақ ойнады, ал алаң иелері матч соңына қарай қысымды күшейте түсті. Мәселен, Артур Шушеначев қарсыластар қақпасына қауіпті түрде жақындағанымен, оның соққысына дәлдік жетіспеді. Бірнеше минуттан кейін Филипович елордалық команданың қақпа сызығынан допты шығарып жіберді, алайда бұл қонақтарды гол жіберіп алудан құтқара алмады.
Келесі шабуылдың өзінде Шушеначев Атанасовтың берген пасынан кейін қарсыластың айып алаңында допты әдемі өңдеп, алаң иелерін алға шығарды. Бұл гол матчтағы жеңіс голы болды.
Айта кетейік, Игорь Черевченконың командасы 38 ұпай жинап, ҚПЛ турнирлік кестесінде бесінші орында қалды. Елордалық «Жеңис» әлі де сегізінші орында.