«Ақтөбе» - «Жеңіс» матчының голы
«Ақтөбе» Қазақстан Премьер-лигасының 25-турында өз алаңында «Жеңісті» жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Орталық стадионда өткен кездесу ұзақ уақыт бойы голсыз өрбіді. Алаң иелері бастаманы көбірек өз қолында ұстап, қарсылас қорғанысына қысым жасауға тырысты. Алайда «Жеңіс» қорғаныста сенімді ойнап, матчтың соңына дейін есепті аштырмай келді.
Шешуші сәт 81-минутта болды. Артур Шушеначев өз мүмкіндігін сәтті пайдаланып, «Ақтөбені» алға шығарды. Елордалық команда бұдан кейін есепті теңестіре алмады - 1:0.
Осы жеңістен кейін «Ақтөбенің» еншісіндегі ұпай саны 38-ге жетті. Ал «Жеңіс» 29 ұпаймен өзгеріссіз қалды.
Қазақстан Премьер-лигасы. 25-тур
«Ақтөбе» - «Жеңіс» - 1:0
Гол: Шушеначев, 81
.Осы ойын күні сенсациялық нәтиже «Оқжетпес» пен «Ордабасы» матчында тіркелді. Көкшетаулық клуб чемпионат көшбасшыларының бірін 2:1 есебімен жеңіп кетті.
Маусымның шешуші бөлігіне жақындаған тұста бұл ұпай жоғалту «Ордабасы» үшін айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Ал «Оқжетпес» турдағы ең елеулі жеңістердің біріне қол жеткізді.