Луиш Нани «Ақтөбеден» кететінін жариялады
Португалиялық футболшы Луиш Нани «Ақтөбе» сапындағы соңғы үй матчын өткізгенін хабарлады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы 39 жастағы ойыншысы клубқа, қала тұрғындарына және Қазақстанға жылы қабылдауы әрі бірге өткерген сәттері үшін алғысын білдірді.
Маусымның соңғы матчында «Ақтөбе» Қостанайға барып, «Тоболмен» кездеседі.
«Бұл менің Ақтөбедегі соңғы үй ойыным болды. Біздің шытырман оқиғамыз аяқталуға жақын, бірақ бірге қандай жолдан өттік! Осы тамаша клубтағы баршаға, осы қаланың керемет тұрғындарына және бүкіл Қазақстанға бірге өткерген барлық сәттеріміз үшін, сондай-ақ мені осындай жылы қабылдағандарыңыз үшін алғыс айтамын. Чемпионатта әлі бір матч бар, алайда қазірдің өзінде айта аламын: мансабымның осы кезеңінен қалған жылылық пен естеліктер менімен мәңгі бірге болады», - деп жазды Нани.
Еске сала кетейік, португалиялық футболшы «Ақтөбеге» 2026 жылдың қаңтарында қосылған болатын. Оның келісімшарты маусым соңына дейін жасалған.
Чемпионат аясындағы 23 матчта ойыншы 1 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Қазақстан кубогында Луиш 2 ойын өткізіп, 2 гол соқты.
Нани «Манчестер Юнайтед» сапындағы өнерімен танымал. Ағылшын клубымен бірге ол Чемпиондар лигасында жеңіске жетіп, Англия чемпионы атанды. Сонымен қатар Португалия құрамасының сапында 2016 жылы Еуропа чемпионы болды.