Исмаил Бекболат Чемпиондар лигасының тарихына енді
«Қайраттың» талантты шабуылшысы Исмаил Бекболат УЕФА Чемпиондар лигасының тарихына енді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Футболшы Чемпиондар лигасы-2026 іріктеу кезеңіндегі матчтарға қатысқан ең жас 20 ойыншының қатарына енді. 18 жас 5 ай 28 күнінде Бекболат Transfermarkt нұсқасы бойынша рейтингте 16-орынға жайғасты.
Чемпиондар лигасы-2026/2027 маусымының іріктеу кезеңінде алматылық команданың 18 жастағы шабуылшысы алты кездесуге қатысты. Талантты форвард Черногорияның «Сутьеска» қақпасына бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.
Еске салайық, «Қайрат» күзде Конференциялар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетеді. Қазақстан чемпионы Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі екінші матчта да бельгиялық «Андерлехтен» ірі есеппен жеңілді (екі матчта да 0:3).
УЕФА Еуропа лигасы-2026/27 және Конференциялар лигасы-2026/27 негізгі кезеңдерінің жеребесі 28 тамызда Астана уақытымен 17:00-де өтеді.