«Ол мені неге ауыстырды?»: Винисиус Чемпиондар лигасында Моуриньюге наразылық білдірді
Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Винисиус Жуниор Чемпиондар лигасында «Ромаға» қарсы өткен матчта алаңнан ауыстырылғанына эмоциямен жауап берді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Римде өткен кездесу 14 қазанда болып, испаниялық клубтың 4:3 есебімен жеңісімен аяқталды. Матч барысында «Реал» 1:3 есебімен ұтылып жатты. Ал 59-минутта Моуринью Винисиустың орнына тағы бір бразилиялық шабуылшы Эндрикті шығаруға шешім қабылдады.
Бұл шешім Винисиустың наразылығын тудырды. Алаңнан кетіп бара жатқан бразилиялық қолын екі жаққа жайып, жаттықтырушылар штабына бірнеше рет: «Ол мені неге ауыстырды?» деп айқайлады.
Сондай-ақ әлеуметтік желілерде Винисиустың алаң ортасында доптан айырылып қалған сәтіне Моуриньюдің қалай реакция білдіргені де тарады. Осы эпизодтан кейін «Реал» гол жіберіп алып, есеп римдіктердің пайдасына 3:1 болды.
Моуринью ойыншының әрекетіне көңілі толмағаны байқалды. Бәлкім, дәл осы эпизодтан кейін ол Винисиусты ауыстыру туралы шешім қабылдаған болуы мүмкін.
Дегенмен «Реал» матч барысын өзгертіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті. Моуриньюдің Эндрикті алаңға шығару туралы шешімі ойынның шешуші сәттерінің біріне айналды. Бразилиялық шабуылшы 85-минутта мадридтік клубтың үшінші голын соғып, есепті теңестірді.
Еске салайық, Римдегі «Олимпико» стадионында жеңіске жеткен мадридтік «Реал» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде мүмкін болған алты ұпайдың алтауын да жинады. Бірінші турда Моуринью шәкірттері миландық «Интерді» 2:1 есебімен жеңген болатын.