locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Келесі аялдама – Конференциялар лигасы: «Қайрат» «Андерлехтені» екінші матчта да ірі есеппен жеңілді

Қазақстан чемпионы алғашқы кездесудегідей 0:3 есебімен жеңіліп қалды
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: «Кайрат»
Еуропа Лигасы
27.08.2026, Аяқт.
Андерлехт
3
Кайрат
0

«Қайрат» УЕФА Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі екінші матчта да бельгиялық «Андерлехтен» ірі есеппен жеңілді, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.

Брюссельдегі кездесу бір апта бұрын Қазақстанда өткен алғашқы матчқа ұқсас сценарий бойынша өрбіді.

Үзіліске шығар алдында Олжас Байбек өз командасының айып алаңында қолмен ойнап, алаң иелеріне пенальти тебу құқығы берілді. Он бір метрлік айып добын Михайло Цветкович сәтті орындап, есепті 1:0-ге жеткізді.

Ал екінші таймда Шерхан Қалмырзаның қақпасына тағы екі доп кірді. 53-минутта Даниил Сикан екінші голды соғып, Еуропа лигасының негізгі кезеңіне шығатын команданы анықтады. Ал Қазақстан чемпионының тағдырын Жулиан Бьянкон біржола шешті.

Еске салайық, Алматының Орталық стадионында өткен алғашқы кездесу қонақтардың 3:0 есебіндегі сенімді жеңісімен аяқталған болатын.

Осылайша, «Андерлехт» Еуропа лигасының негізгі кезеңінде ойнайды, ал «Қайрат» күзде Конференциялар лигасында өнер көрсетеді.

УЕФА Еуропа лигасы-2026/27 және Конференциялар лигасы-2026/27 негізгі кезеңдерінің жеребесі 28 тамызда Астана уақытымен 17:00-де өтеді.

УЕФА Еуропа лигасы

Плей-офф кезеңі, 3-матч

«Андерлехт» – «Қайрат» 3:0

Голдар: Цветкович, 45, пен.; Сикан, 53; Бьянкон, 71.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie