locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

УЕФА Темірлан Анарбековтың Конференциялар лигасындағы сейвін ерекше атап өтті

«Қайрат» қақпашысы «Ригаға» қарсы матчта пенальти қайтарды
УЕФА Темірлан Анарбековтың Конференциялар лигасындағы сейвін ерекше атап өтті
ФОТО: КФФ

Алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков УЕФА Конференциялар лигасында сейвтері ерекше аталған голкиперлердің қатарына енді. Турнир ұйымдастырушылары оның сейвін жалпы кезеңнің бірінші турында болған үздік сәттер топтамасына қосты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Конференциялар лигасының Instagram желісіндегі ресми аккаунтында қақпашылардың бірнеше әсерлі сейві бейнеленген видео жарияланды. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының қақпашысы қатысқан эпизод та бар.

Анарбеков Латвияның «Рига» командасына қарсы сырт алаңдағы матчта көзге түсті. Кездесудің 28-минутында есеп тең болып тұрған кезде Қазақстан құрамасының қақпашысы шабуылшы Мұхаммед Бадамосудың пенальтиін қайтарып, қарсыластың алға шығуына мүмкіндік бермеді.

Еске салайық, Ригадағы матч 1:1 есебімен аяқталды. Қазақстандық қақпашының сейвінің арқасында «Қайрат» тең есепті сақтап, турнирдің жалпы кезеңіндегі алғашқы ұпайына қол жеткізді.

Алматылық команда Конференциялар лигасындағы келесі кездесуін 22 қазанда өткізеді. Алматының Орталық стадионында «Қайрат» Грекияның «Панатинаикос» клубын қабылдайды.

«Біз жеңіске жете алар едік»: Латвия БАҚ-тары «Рига» мен «Қайрат» арасындағы тең ойынға баға берді

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie