Иран құрамасының ойыншысы АҚШ-тан жанжал туғызған гол тойынан кейін депортацияланды
2026 жылғы әлем чемпионатында саяси жанжал тұтанды, деп хабарлайды Sports24.kz.
FUTA мәліметінше, Иран құрамасының 27 жастағы вингері Мохаммед Мохеби АҚШ билігі тарапынан депортацияланды. Бұл шешім Мохебидің Жаңа Зеландия қақпасына гол соққаннан кейін, трибунадағы жанкүйерлерге оқ атып жатқандай ым-ишара көрсетіп, голын ерекше атап өтуімен байланысты.
Бұл қимыл АҚШ шенеуніктерінің қатты наразылығын тудырды. Олар оны арандатушылық әрі қауіп ретінде қабылдап, Мохебиді шұғыл түрде Иранға қайтарып жіберуге шешім қабылдаған.
Алайда, қазіргі таңда Мохебидің депортацияланғаны туралы ресми ақпарат әлі расталған жоқ.
Әлем чемпионатындағы алғашқы ойында Иран Жаңа Зеландиямен 2:2 есебімен тең түсті және қазір G тобында екінші орында келеді. Бұл топта сонымен қатар Египет пен Бельгия бар.
