locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Месси әлем чемпионаттары тарихындағы үздік сұрмерген атанды

Лионель Месси әлем чемпионаттары тарихындағы үздік сұрмергенге айналды
ФОТО: Getty images

Лионель Месси әлем футболының тарихына тағы бір рекорд қосты. 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Алжирге қарсы матчта Аргентина құрамасының капитаны хет-трик жасап, тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Аргентиналық шабуылшы алғашқы голын кездесудің 17-минутында соқты. Кейін екінші таймда тағы екі мәрте мергендігімен көзге түсіп, 60 және 76-минуттарда қарсылас қақпасын дәл көздеді.

Осылайша Месси әлем чемпионаттарындағы голдарының санын 16-ға жеткізді. Бұл көрсеткіш бойынша ол Германия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Мирослав Клозенің рекордын қайталап, мундиальдар тарихындағы ең үздік сұрмергендер қатарына көтерілді.

Айта кетейік, қазіргі әлем чемпионаты Месси үшін карьерасындағы алтыншы мундиаль болып отыр. Бұған дейін ешбір футболшы әлем чемпионатына алты рет қатыспаған.

Месси әлем чемпионаттарындағы жолын 2006 жылы бастаған болатын. Содан бері ол Аргентина құрамасының көшбасшысы ретінде бірнеше буынның символына айналып, 2022 жылы ұлттық құраманы әлем чемпионы атағына жеткізді.

Айта кетерлігі, турнир әлі жалғасуда. Сондықтан Мессиде Клозені басып озып, әлем чемпионаттары тарихындағы дара үздік сұрмерген атануға мүмкіндік бар.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie