locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Серік Теміржанов әлем кубогында жас америкалыққа есе жіберді

1/4 финалға шыға алмады
ФОТО: НОК РК

Қытайда World Boxing нұсқасы бойынша бокстан Әлем кубогының екінші кезеңінің екінші күні басталды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстандық әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов Қытайда өтіп жатқан Әлем кубогының екінші кезеңінде 1/8 финалдық жекпе-жегін өткізді.

Ширек финал жолдамасы үшін өткен шайқаста 28 жастағы қазақстандық былғары қолғап шебері АҚШ-тың 19 жастағы Салим Эллим-Бейімен қолғап түйістірді.

Екі боксшы да жекпе-жекті сақтықпен бастады. Бірінші раундтың қорытындысы бойынша барлық төреші америкалыққа аз ғана басымдық беріп, 5:0 есебін тіркеді. Екінші раундтан кейін Теміржанов Эллим-Бейден қалып қойды.

Үшінші раундта америкалық қашықтықты сақтауға тырысып, өз басымдығын ұстап тұрды.

Нәтижесінде, қазақстандық Теміржанов әлем кубогымен 1/8 финал сатысында қош айтысты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie