Аргентина құрамасының көшбасшысы Әлем чемпионатының алғашқы матчынан тыс қалады
«Лион» мен Аргентина құрамасының қапталдағы қорғаушысы Николас Тальяфико Әлем чемпионатындағы «альбиселесте» командасының Алжирге қарсы алғашқы матчына қатыспайды, деп хабарлайды Sports24.kz.
L'Equipe мәліметінше, Тальяфико жуырда сол жақ балтыр бұлшықетінде қатты ауырсыну сезінген. Жаттықтырушылар штабы мен медициналық топпен кеңескеннен кейін тәжірибелі қорғаушының денсаулығына қауіп төндірмеу үшін оны алғашқы матчтың негізгі құрамына қоспау туралы шешім қабылданды.
Бұған дейін Леонардо Балерди жарақатына байланысты Аргентина құрамасының лагерін тастап кетуге мәжбүр болған еді, оның орнына «Борнмут» қорғаушысы Маркос Сенези шақырылды.
2026 жылғы Әлем чемпионатында Аргентина J тобында Алжир, Аустрия және Иорданиямен бірге өнер көрсетеді.
Айта кетейік, бұған дейін Криштиану Роналду Португалия құрамасының Әлем чемпионы атану мүмкіндігі туралы пікір білдірген.