Холандтың дублінің арқасында Норвегия ӘЧ-2026 турнирін ірі жеңіспен бастады
Норвегия құрамасы ӘЧ-2026 турнирін ірі жеңіспен бастады
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
Норвегия құрамасы 28 жылдан кейін әлем чемпионатына қайта оралып, алғашқы матчында Иракты 4:1 есебімен сенімді түрде жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесудің басты кейіпкері Эрлинг Холанд болды. Норвегиялық шабуылшы дубль авторы атанса, тағы екі голды Эстигор мен Торстведт соқты.
Әлем чемпионаты-2026. I тобы
Ирак - Норвегия - 1:4 (1:2)
Голдар: Хуссейн, 39 - Холанд, 29, 43, Эстигор, 76, Торстведт, 90+7.
Осы жеңістің арқасында Норвегия турнирдегі алғашқы үш ұпайына қол жеткізді. Келесі турда норвегиялықтар Сенегал құрамасымен кездессе, Ирак Францияға қарсы ойнайды.
Еске салайық, бұған дейін I топтағы матчта Франция құрамасы Сенегалды 3:1 есебімен жеңген болатын. Кездесудің басты қаһарманы дубль авторы Килиан Мбаппе атанды.