Аргентина бапкері Мессидің әлем чемпионатының алғашқы матчына қатысуы жайлы шешімін жариялады
Алтын доп иегерінің қатысуына қатысты тосынсыйлар болмайды
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Getty Images
Әлем чемпионы атағын қорғауды Аргентина құрамасы Алжирге қарсы матчтан бастайды. «Альбиселесте» бас бапкері Лионель Скалони тағы бір Лионель — Мессидің бұл кездесуде алаңға шығатынын айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.
Әлем чемпионының бас бапкерінің айтуынша, Алтын допты бірнеше рет иеленген футболшының Алжирге қарсы матчқа қатысуына қатысты ешқандай сұрақ туындамауы керек:
- Сондай-ақ оқыңыз: Месси әлем чемпионаты алдында өз жағдайы туралы айтты
«Месси Аргентинаға қажет болған кезде әрдайым алаңға шыққан, ертең де бұл жағдай өзгеше болмайды», — деді Скалони Гастон Эдулға берген сұхбатында.
Алжирге қарсы ойынға дейін «альбиселесте» қатарынан жеті мәрте жеңіске жетті. Олардың ішінде африкалық футбол өкілдері — Замбия, Мавритания және Ангола да бар.