Эксперт Дастан Сәтпаевтың «Спортингке» қарсы ойынын бағалады
«Okko Спорт» арнасының ресейлік комментаторы Александр Степанов Sports24.kz сайтына эксклюзивті сұхбат беріп, Лиссабонда өткен Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің алғашқы турында португалиялық «Спортингке» қарсы матчта «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сатпаевтың ойынына баға берді.
«Дастан Сәтпаев керемет ойын көрсетті, бірақ оған шабуылды аяқтау кезеңінде көбірек қосу қажет — шешімді тез қабылдап, бұрыштарға дәл соққы жасау керек. Еуропалық клубтарға қарсы осындай тәжірибе — бұл үлкен өсу. Сенімдімін, алда оны жалға беру күтіп тұр, мүмкін «Страсбургке» немесе Тодд Боэлидің («Челсидің» иесі) басқа клубына. Ең бастысы — Қазақстан үлкен еуропалық шабуылшыға ие бола алады. Дәл сол нәрсе Жоржиньоға да қатысты: ол да шабуылды аяқтауда өткір ойнауы тиіс. Есепті теңестіру мүмкіндігі екінші таймның басында болды, бірақ аздаған дәлдік пен сәттілік жетіспеді», — деді Степанов.
Еске сала кетейік, «Қайраттың» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі дебюті Лиссабонда «Спортингтен» (1:4) жеңіліспен аяқталды. Бұл кездесудің басты қаһармандарының бірі қақпашы Шерхан Қалмырза болды. Ол қақпада сенімді ойнап қана қоймай, Чемпиондар лигасы тарихына енді. 21-минутта «Спортинг» ойыншысы Педру Хюльманд орындаған пенальтиді қайтарып, турнир тарихында мұндай жетістікке жеткен ең жас қақпашылардың бірі атанды.