locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дастан Сәтпаевтың жарақатына қатысты жаңа мәлімет белгілі болды

Қазақстандық шабуылшы «Мидлсброға» қарсы матчта жарақат алып, «Бернлидің» келесі кездесуін өткізіп алды
Дастан Сәтпаевтың жарақатына қатысты жаңа мәлімет белгілі болды
ФОТО: Getty images
Чемпионшип Англия
05.09.2026, Аяқт.
Бернли
1
Бристоль Сити
2

Британиялық футбол сарапшысы әрі инсайдер Иэн Монтгомери «Бернлидің» қазақстандық шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың жарақатына қатысты жаңа мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Оның айтуынша, Сәтпаев Чемпионшиптің алдыңғы турында «Мидлсброға» қарсы матчта тізе асты сіңірін зақымдаған. Қазақстандық футболшының бесінші турдағы «Бристоль Ситиге» қарсы кездесудің өтініміне енбеуіне осы жарақат себеп болуы мүмкін.

«Сәтпаевтың сол ойында тізе асты сіңірін зақымдағанын білдік. Бірақ Трезор мен Эдвардстың қосалқы құрамда болмауы түсініксіз», - деп жазды Монтгомери X әлеуметтік желісінде.

Сәтпаев «Бернлидің» «Бристоль Ситиге» қарсы үйдегі матчын өткізіп алды. Кездесу алаң иелерінің 1:2 есебіндегі жеңілісімен аяқталды.

Ал бұған дейінгі турда қазақстандық шабуылшы «Мидлсброға» қарсы негізгі құрамда шығып, алаңда 81 минут өткізді. Ол екі қауіпті соққы жасап, пастарының 94 пайызын дәл жеткізді және матчтың үздік ойыншысы атанды.

Алайда Сәтпаев кездесуді соңына дейін аяқтай алмады. 81-минутта санның артқы бөлігіндегі жайсыздыққа байланысты алмастырылды. Осыдан кейін оның жарақат алғаны туралы алғашқы ақпарат тарады.

Енді британиялық инсайдер мәселе нақты тізе асты сіңіріне қатысты екенін хабарлап отыр. Дегенмен Сәтпаевтың алаңға нақты қашан оралатыны әзірге белгісіз.

«Бернли» клубы жарақаттың деңгейі мен қалпына келу мерзімі туралы ресми ақпарат жариялаған жоқ.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie