Дастан Сатпаевтың «Бернли» сапындағы келесі матчы. Қайда және қашан көруге болады
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев өнер көрсететін ағылшындық «Бернли» Чемпионшиптің он екінші туры аясында өз алаңында «Линкольн Ситиге» қарсы матч өткізеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Ойын сенбі, 24 қазанда «ПроАмпак» стадионында өтеді. Басталуы Қазақстан уақытымен 19:00-ге жоспарланған. Матчтың тікелей трансляциясын мына сілтеме арқылы көруге болады.
Он бір турдан кейін «Бернли» сегіз ұпай жинап, турнир кестесінде 22-орында тұр. Алдыңғы матчта команда «Вулверхэмптоннан» 1:2 есебімен жеңілді.
«Линкольн Ситидің» қоржынында 12 ұпай бар. Команда 18-орында келеді.
Айта кетейік, Дастан Сатпаевтың алдағы матчқа қатысатыны әзірге ресми түрде расталған жоқ. Оның матчқа өтінімге енгізілуі туралы соңғы шешімді медициналық мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, жаттықтырушылар штабы қабылдайды.
Қыркүйекте жарақатынан айыққаннан кейін қазақстандық футболшы бір айдан астам уақыт оңалтудан өтіп, ұлттық құрама сапында ойнаған жоқ.
Халықаралық үзілістен кейінгі алғашқы матчта Сатпаев «Уотфордқа» қарсы кездесуде 16 минут ойнады. Ал «Чарльтонмен» келесі ойынға тіпті өтінімге де енбеді. Сол кезде команданың бас бапкері Ники Хайен бұған «Челсидің» қазақстандық футболшыға матчқа қатысуға тыйым салғанын себеп ретінде түсіндірді.
10-турдағы матчты өткізіп алғаннан кейін Дастан «Вулверхэмптонға» қарсы ойында 29 минут алаңға шықты. Осылайша ол чемпионаттағы 5 матчқа қатысып, алаңда жалпы 249 минут өткізді, алайда әзірге гол соғып немесе нәтижелі пас беріп көзге түскен жоқ.