locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бернли» Дастан Сәтпаевсыз «Бристоль Ситиге» есе жіберді

Қазақстандық шабуылшы матчқа өтінімге енбеді, ал оның командасы жеңісті ойын соңында уысынан шығарып алды
«Бернли» Дастан Сәтпаевсыз «Бристоль Ситиге» есе жіберді
ФОТО: Getty images
Чемпионшип Англия
05.09.2026, Аяқт.
Бернли
1
Бристоль Сити
2

«Бернли» Чемпионшиптің бесінші турында өз алаңында «Бристоль Ситиге» есе жіберді. «Терф Мур» стадионында өткен кездесу 1:2 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Алаң иелері екінші таймда есеп ашты. 56-минутта Аарон Рэмзи мергендік танытып, «Бернлиді» чемпионаттағы алғашқы жеңісіне жақындатқан еді. Алайда команда басымдығын сақтап қала алмады.

82-минутта Роберт Дики есепті теңестірді. Ал 90+1-минутта Ю Хиракава қонақтардың екінші голын соғып, «Бристоль Ситиге» ерік-жігермен келген жеңіс сыйлады.

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев бұл кездесудің өтініміне енген жоқ. Өткен турда ол «Мидлсброға» қарсы негізгі құрамда алаңға шығып, матчтың үздік ойыншысы атанған болатын. Сол ойында Сәтпаев 81-минутта алмастырылды. Кейін оның санның артқы бөлігі мен тізе асты сіңірінен жарақат алуы мүмкін екені туралы ақпарат тарады.

Осылайша, «Бернли» өткен турдағы ең жарқын ойыншыларының бірінсіз алаңға шығып, чемпионаттағы алғашқы жеңісіне тағы да қол жеткізе алмады.

Чемпионшип. 5-тур
«Бернли» - «Бристоль Сити» - 1:2
Голдар
: Рэмзи, 56 - Дики, 82; Хиракава, 90+1.

Бес турдан кейін «Бернлидің» еншісінде екі ұпай бар. Команда Чемпионшип турнирлік кестесінің 24-орнында тұр. Ал он ұпай жинаған «Бристоль Сити» төртінші орынға көтерілді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie