locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дастан Сатпаевтың алаңға оралу мерзімі аталды

Қазақстан құрамасының шабуылшысы жақын күндері жаттығуға кіріседі
Дастан Сатпаевтың алаңға оралу мерзімі аталды
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық «Бернли» шабуылшысы Дастан Сатпаевтың жарақаттан кейін алаңға оралу мерзімі белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

ASnews.kz мәліметінше, Қазақстан құрамасының форварды жақын күндері жаттығуға кіріседі.

Еске салайық, Сатпаев маусым соңына дейін «Челсиден» «Бернлиге» жалға алынған. Қазіргі уақытта шабуылшы жарақатынан айығып жатыр.

Дастан 3 қыркүйекте Чемпионшиптің төртінші турында «Мидлсбромен» өткен матчта жарақат алып, алаңнан тыс қалды. Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Челси» базасында оңалтудан өтті. Жарақатына байланысты Сатпаев қыркүйек-қазан айларында Ұлттар лигасындағы Қазақстан құрамасының барлық матчына да қатыса алмайды.

10 қазанда «бургундиялықтар» сырт алаңда «Уотфордпен» кездеседі. Сатпаевтың бұл матчта ойнау ықтималдығы жоғары.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сатпаевты Криштиану Роналду, Килиан Мбаппе және Джуд Беллингемнен жоғары бағалаған.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie