ВИДЕО: Дастан Сатпаев маңызды мәлімдеме жасады
Қазақстандық спорт жұлдыздары Алматы тұрғындарын қала күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Құттықтаушылардың арасында «Бернли» шабуылшысы Дастан Сатпаев ерекше көзге түсті. Қазақстан құрамасының форварды туған қаласын Англиядан тікелей құттықтады.
«Қайрат» академиясының түлегі бейнеүндеу жазып, қалаға өркендеу мен жаңа жетістіктер, ал тұрғындарға мықты денсаулық, бақ-береке және зор табыс тіледі.
Қала күніне арналған құттықтауларға Дмитрий Баландин, Михаил Шайдоров, Назым Қызайбай, Александр Бублик, Асу Алмабаев, Азиз Абдулвахабов, Юки Каваучи, Даниил Донченко, Александр Загорский және спорт әлемінің басқа да танымал тұлғалары қосылды.
Айта кетейік, 2026 жылы Алматы қаласының күні ресми түрде 20 қыркүйекте атап өтіледі, ал негізгі мерекелік іс-шаралар осы демалыс күндері — 19 және 20 қыркүйекте өтеді.
Айтпақшы, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Бернли» форвардының талантына үлкен құрметпен қарайтынын айтқан болатын.