locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сәтсіз нәтижелер аясында Сатпаевтың бапкері маңызды шешім қабылдады

«Бернли» ұлттық құрамалар матчтарына байланысты үзіліс кезінде шағын оқу-жаттығу жиынына аттануы мүмкін
Сәтсіз нәтижелер аясында Сатпаевтың бапкері маңызды шешім қабылдады
ФОТО: Getty Images

м«Бернлидің» бас бапкері Никки Хайен ұлттық құрамалар матчтарына байланысты үзіліс кезінде команда үшін шағын оқу-жаттығу жиынын өткізу мүмкіндігін жоққа шығармады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Дастан Сатпаевтың бапкері Джейми Варди командаға қосылғанына пікір білдіріп, сәтсіз нәтижелер сериясы аясында тек тәжірибелі шабуылшыға ғана емес, барлық футболшыларға өзара түсіністігін жақсартудың пайдасы тиетінін айтты:

«Оған дейін Варди бізбен бар болғаны екі жаттығуға қатысты. Барлық ойыншылардың да бір-бірін жақсырақ танып-білуі қажет. Матчтар бірінен кейін бірі өтіп, жаттығу күндері болмаған кезде мұны жасау қиын.

Сондықтан ұлттық құрамалар матчтарына байланысты үзіліс біз үшін өте, өте маңызды болады. Тіпті бірге болу, бір-бірімізді жақсырақ түсіне бастау және мүмкін болған ең жоғары деңгейге шығу үшін күндіз-түні бірге уақыт өткізіп, оқу-жаттығу жиынына аттануды да ойластырып жатырмыз», — деп мәлімдеді Хайеннің сөзін Burnley Express басылымы келтіреді.

Әзірге мұндай жиынды өткізуге қатысты түпкілікті жоспар жоқ. Сатпаевтың оған қатыса алатыны да белгісіз. Шабуылшы жақын халықаралық үзіліс кезінде Қазақстан құрамасына бармайды. Қазір ол «Челсиде» жарақаттан кейін қалпына келіп жатыр.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie