Қазақстан құрамасы шахмат олимпиадасындағы көшбасшылығынан айырылды
Қазақстанның әйелдер құрамасы шахматтан 2026 жылғы Дүниежүзілік олимпиаданың турнирлік кестесіндегі көшбасшылығынан айырылды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Сегізінші турда Қазақстан құрамасының өкілдері Үндістан шахматшыларымен кездесуде мықтыны анықтай алмады. Жекпе-жек 2:2 есебімен тең аяқталды. Бұл — жарысты қатарынан алты жеңіспен бастаған қазақстандық шахматшылардың екінші тең ойыны.
Қазақстанның олимпиададағы басты бәсекелесі Қытай құрамасы қатар өтіп жатқан кездесуде Грузияны 2,5:1,5 есебімен жеңді. Осы жеңістің арқасында қытайлық шахматшылар турнирлік кестеде жеке-дара көш бастады.
Еске салайық, кеше Қазақстан мен Қытай құрамалары арасындағы кездесуде 2:2 есебі тіркелген болатын. Сондықтан сегізінші тур алдында командалар турнирлік кестеде жеке-дара көш бастап тұрған еді.