locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Төрехан Сабырханның Азияда-2026-дағы жекпе-жегіне шолу

Төрехан Сабырхан нокдаунмен Азияда-2026 ширек финалына шықты
Төрехан Сабырханның Азияда-2026-дағы жекпе-жегіне шолу
ФОТО: KBF

Қазақстан бокс құрамасының көшбасшыларының бірі Төрехан Сабырхан Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегін сенімді өткізді, деп хабарлайды Sports24.kz.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында қазақстандық боксшы Катар өкілі Мохаммед Дбичимен кездесті.

Сабырхан алғашқы минуттардан-ақ бастаманы өз қолына алып, жекпе-жек барысын бақылауда ұстады. Әсіресе екінші раунд Төреханның басымдығымен өтті. Қазақстандықтың кезекті шабуылынан кейін төреші Дбичиге нокдаун санағын ашты.

Катарлық боксшы кездесуді жалғастырғанымен, жекпе-жектің барысын өзгерте алмады. Үш раундтың қорытындысы бойынша бес төрешінің барлығы жеңісті Сабырханға берді - 5:0.

Осылайша, Төрехан Азияда-2026 ширек финалына шығып, жүлде үшін күресін жалғастырады.

Айта кетейік, Сабырхан алғашқы айналымды өткізіп, жарысты бірден 1/8 финалдан бастады. Ал Дбичи 1/16 финалда Вьетнам өкілі Дук Нгок Нгуенді жеңген еді.

Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарындағы бокс турниріне алты салмақ дәрежесінде қатысып жатыр. Бұған дейін 80 келіге дейінгі салмақта Сабыржан Аққалықов алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп, жарысты аяқтаған болатын.

Назарларыңызға Төрехан Сабырханның жеңісті жекпе-жегіне шолу мен кездесудің ең жарқын сәттерін ұсынамыз.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie