«Мен тек бір нәрсеге уәде бере аламын»: Клопп Германия құрамасындағы дебюті қарсаңында жанкүйерлерге үн қатты
Германия құрамасы 12 жылдан бері жүлдеге қол жеткізе алмай келеді. Бұл серияны жаңа бас бапкер Юрген Клопп үзеді деген үміт көп. Дегенмен «бундестим» тізгінін ұстаған маман жанкүйерлердің үмітін сәл бәсеңдетті, деп хабарлайды Sports24.kz.
Нидерланд құрамасына қарсы матч алдындағы баспасөз мәслихатында журналистер неміс маманының осыдан он жыл бұрын «Ливерпульді» басқарған кездегі жанкүйерлерге берген уәдесімен параллель жүргізді. Алайда Клопп клубтағы жағдай мен ұлттық құрамадағы жағдайдың бір-бірінен ерекшеленетінін айтты:
«Бұл күрделі мәселе. Сол кезде мен төрт жылдан кейін осы орында әлі отырсам, титулды жеңіп алуымыз мүмкін екенін айтқан едім. Бірақ клубта бізде жыл сайын үш-төрт мүмкіндік болатын, ал ұлттық құрамада ондай мүмкіндік көп емес.
Мен ештеңеге уәде бергім келмейді. Бірақ бұған дейін айтқанымдай, мен тек бір нәрсеге уәде бере аламын. Біздің ойынымыздан қандай жағдай болмасын, барымызды салуға тырысатынымыз көрініп тұрады. Әр матчта жеңіске жетуге нақты мүмкіндігіміз болатындай ойнауымыз керек», — деді Клопп.
Еске сала кетейік, Клопп жақын арадағы матчтарға Германия құрамасына шақырған ойыншылар тізімімен-ақ жанкүйерлерді таңғалдырды. Дәлірек айтсақ, тізімдерімен.