Англиядағы алғашқы жүлде: Сатпаев «Мидлсбромен» матчтың үздік ойыншысы атанды
Дастан Сатпаев Англия Футбол лигасының жоғары бағасына ие болды
ФОТО: «Бернли»
Чемпионшип Англия
02.09.2026, Аяқт.
Бернли
1
Мидлсбро
1
Қазақстан құрамасының вингері Дастан Сатпаев Англия Футбол лигасының нұсқасы бойынша Чемпионшиптегі «Бернли» мен «Мидлсбро» арасындағы матчтың (1:1) үздік ойыншысы деп танылды, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Клареттердің» баспасөз қызметі Сатпаевтың тиісті жүлдемен түскен суретін жариялады. Алайда статистикалық порталдар бұл пікірмен келіспеді. Сатпаев Sofascore-дан 6.9 бағасын алды, бұл «Бернли» құрамындағы ең жоғары көрсеткіш те емес. Уго Гархоубер 7.7 бағаланса, сайт нұсқасы бойынша матчтың MVP атағын «Мидлсбро» ойыншысы Эйдан Моррис 8.4 бағамен алды.
Сатпаев алаңда 80 минут өткізіп, екі соққы жасады. Алайда олардың ешқайсысы голға айналмады.