«Бернли» – «Мидлсбро» матчының бірінші таймы аяқталды. Сатпаев қалай ойнап жатыр?
Англия Чемпионшипінің 4-туры аясындағы «Бернли» – «Мидлсбро» матчының бірінші таймы аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Командалар үзіліске қонақтардың минималды басымдығымен аттанды. 23-минутта Моррис «Терф Мур» стадионында есеп ашты. Алаң иелері әзірге жауап бере алмады.
«Бернли» шабуылшысы Дастан Сатпаев ойынды алғашқы минуттан бастады. Қазақстан құрамасының форварды қақпаға бір рет алыстан соққы жасап, допты қақпаға дәл бағыттады. Сондай-ақ Дастан алаңның соңғы үштен бір бөлігіне үш дәл пас беріп, қарсыластың айып алаңына бір дәл пас шығарды.
Айта кетейік, «Бернли» үш турдан кейін Чемпионшип турнир кестесінде небәрі бір ұпаймен соңғының алдындағы орында тұр. Бүгінгі қарсыласы «бордолылар» алтыншы орында (6 ұпай).
Бұған дейін Сатпаевтың маусым басында «Бернлидің» маңызды көрсеткіш бойынша үздік ойыншысы атанғанын хабарлаған едік.