locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барселона» жұлдыз шабуылшыға рекордтық ұсыныс әзірлеп жатыр

Каталондық грант Хулиан Альваресті өз сапына қосуды көздейді
ФОТО: Getty Images

«Барселона» әлемдік трансфер нарығын Дүниежүзілік чемпионат аяқталысымен бір сілкіндірмек, деп хабарлайды Sports24.kz.

Sport басылымының мәліметінше, «Барселона» басшылығы Мадридтің «Атлетико» командасының жұлдызды аргентиналық шабуылшысы Хулиан Альваресті сатып алу жоспарын аяқтауға жақын. Каталондық клуб өкілдері Солтүстік Америкада өтетін турнирдің финалдық ысқырығы шалынысымен-ақ келіссөздерде шешуші қадам жасауға бел буған.

2022 жылғы әлем чемпионын өз құрамына қосу үшін каталондық алып клуб тарихи трансферлердің қатарына енетін қомақты қаржы жұмсауға дайын. Клуб ішіндегі дереккөздерге сүйенсек, «Барселона» ресми ұсынысты дайындап, оның көлемі таңғаларлық 135 миллион еуроны құрамақ.

Оған қоса, келісімге әртүрлі бонустар мен қосымша төлемдер енгізіледі, олардың жалпы сомасы тағы 15 миллион еуроны құрауы мүмкін. Осылайша, трансфер пакеті астрономиялық 150 миллион еуроға дейін жетуі ықтимал.

Аяқталған маусымда 26 жастағы аргентиналық футболшы Мадридтің «Атлетикосы» сапында барлық турнирде 49 матчта 20 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді.

Бұған дейін ПСЖ «Барселонаның» жұлдызына Барколаның орнына көз тігіп отырғаны хабарланған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie