locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео: Дастан Сәтпаев «Қайрат» жанкүйерлерімен қоштасып, құрмет шеңберін жасады

Сәтпаев «Челсиге» аттанар алдында «Қайрат» сапындағы соңғы үй матчына шықты
Видео: Дастан Сәтпаев «Қайрат» жанкүйерлерімен қоштасып, құрмет шеңберін жасады
ФОТО: Қайрат ФК

Дастан Сәтпаев «Челсиге» аттанар алдындағы соңғы үй матчында «Қайрат» жанкүйерлерімен қоштасты, деп хабарлайды.

Матч аяқталғаннан кейін 17 жастағы шабуылшы стадионды айналып өтіп, алматылық клубтың жанкүйерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Өз кезегінде жанкүйерлер оған арнайы баннер дайындап, ыстық ықыластарын жеткізді.

«Қызылжарға» қарсы ҚПЛ-дің кейінге шегерілген 17-туры аясындағы кездесуде «Қайрат» 3:0 есебімен жеңіске жетті. Сәтпаев матчтың басты қаһарманына айналып, екінші таймда дубль авторы атанды.

Оның екінші голы ерекше мәнге ие болды. Бұл Дастанның «Қайрат» сапындағы әзірге соңғы голы болды. Нәтижелі пасты алматылық клубтың жаңа ойыншысы Марк Гуаль берді. Сонымен қатар, Исмаил Бекболат негізгі құрамдағы алғашқы голын соқты.

Осылайша, Сәтпаев «Қайрат» сапындағы 58 матчында 28 гол соғып, 10 нәтижелі пас беріп, клубтың соңғы жылдардағы ең жарқын түлектерінің біріне айналды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie