locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео: Аққалықов Умматалиевпен болған жекпе-жектен кейін төрешілер шешіміне реакция білдірді

Аққалықов өзбек боксшысынан жеңілгеннен кейін төрешіге реакциясын көрсетті
Видео: Аққалықов Умматалиевпен болған жекпе-жектен кейін төрешілер шешіміне реакция білдірді
ФОТО: KBF

Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогының екінші кезеңінде өзбекстандық Жавохир Умматалиевке қарсы жекпе-жектен кейін эмоциясын жасыра алмады, деп хабарлайды Sports24.kz.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Өзбекстан өкілімен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған кездесудің қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Умматалиевке 3:2 есебімен берді.

Жекпе-жектің екінші раундында төреші Аққалықовқа нокдаун санаған болатын. Бұл эпизод кездесудің нәтижесіне айтарлықтай әсер етті.

Нәтиже жарияланғаннан кейін қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен келіспейтінін білдіріп, рефериге қарай бас бармағын төмен қаратып ишара жасады.

Осылайша, Сабыржан Аққалықов Әлем кубогындағы жарысын аяқтаса, Жавохир Умматалиев ширек финалға жолдама алды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie