Қайғылы оқиға: әйгілі француз бапкері дүниеден өтті
Футбол әлемін Франциядан жеткен қайғылы хабар дүр сілкіндірді: «Брест» клубының бас бапкері Эрик Рой 58 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Соңғы жылдары өз қарапайым командасымен тарихқа енген әйгілі француз бапкері бұл дүниеден 58 жасында өтті. Хабарланғандай, бапкер соңғы үш жарым жыл бойы қатерлі ісікпен қайсарлықпен күрескен.
Эрик Ройдың өмірден өтуіне ұйытқы болған – ұйқыбез обыры. Осы уақыт ішінде бапкер ауыр диагнозын баспасөзден барынша жасырып, сырқатымен толық құпиялылықта күресіп келген.
Эрик Рой несімен танымал?
Футболшы ретінде «Ницца», «Олимпик Марсель», «Лион», «Райо Вальекано» және «Ницца» клубтарында тірек жартылай қорғаушы позициясында өнер көрсетті.
2023 жылдың қаңтарында Эрик Рой «Брест» командасының тізгінін қолға алып, 2023/24 маусымының қорытындысы бойынша қарапайым клубты Франция чемпионатының үздік үштігіне шығарып, ұжымға алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасында өнер көрсетуге жол ашты.