locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайрат» 2026/2027 маусымындағы алғашқы еурокубок қарсыласын білді

Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері Чемпиондар лигасының іріктеуін «Сутьескамен» бастайды
«Қайрат» 2026/2027 маусымындағы алғашқы еурокубоктық қарсыласын білді
ФОТО: Кайрат

16 маусымда 2026/2027 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылып, осы турнирге қатысатын «Қайрат» өз қарсыласын білді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жеребе нәтижесінде Рафаэль Уразбахтиннің командасына Черногорияның «Сутьеска» клубы қарсылас атанды. Бірінші матч Алматыда өтеді, ал жауапты кездесу Черногория чемпионының алаңында болады. Бірінші іріктеу кезеңінің ойындары 7/8 және 14/15 шілдеде өтеді. Ойындардың нақты кестесін УЕФА клубтық турнирлер комитеті кейінірек жариялайды.

Еске сала кетейік, өткен маусымда «Қайрат» төрт іріктеу кезеңінен өтіп, «Астанадан» кейін Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсеткен Қазақстанның екінші клубы атанды.

Бұл кезеңде алматылықтар сегіз ойынның жетеуінде жеңіліп, тек қана «Пафоспен» нөлдік тең нәтижеге қол жеткізді.

Трансляциядан скриншот
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie