locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

2025 жылғы УЕФА Суперкубогында ПСЖ мен «Тоттенхэм» кездеседі

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
2025 жылғы УЕФА Суперкубогында ПСЖ мен «Тоттенхэм» кездеседі
ФОТО: Getty images

2025 жылғы УЕФА Суперкубогының қатысушылары белгілі болды. Маусымның алғашқы еуропалық трофейін сарапқа салатын қос команда - Чемпиондар лигасының жеңімпазы «Пари Сен-Жермен» мен Еуропа лигасының иегері лондондық «Тоттенхэм».

Париждік клуб өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Финалда олар «Интерді» 5:0 есебімен ойсырата ұтып, турнирдің жаңа чемпиондары атанды. Ал «Тоттенхэм» Еуропа лигасының финалында «Манчестер Юнайтедті» 1:0 есебімен жеңіп, араға көп жыл салып, халықаралық аренада қайтадан топ жарды.

Суперкубок ойыны 13 тамыз күні Италияның Удине қаласындағы «Фриули» стадионында өтеді — бұл «Удинезе» клубының аренасы.

Айта кетейік, өткен жылғы Суперкубок иегері - мадридтік «Реал». Олар финалда франкфурттық «Айнтрахтты» 2:0 есебімен жеңген болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie