Қарғыс аяқталды! «Тоттенхэм» финалда «Манчестер Юнайтедті» жеңіп, 2024/25 жылғы УЕФА Еуропа Лигасының чемпионы атанды
21-22 мамырға қараған түні «Тоттенхэм» мен «Манчестер Юнайтед» арасында Еуропа лигасының финалдық ойыны өтті
Ағылшындардың финалы Испанияның Бильбао қаласындағы «Сан-Мамес» стадионында өтіп, «Тоттенхэм» командасының минималды жеңісімен аяқталды. Матчты неміс төрешісі Феликс Цвайер басқарды.
Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Бірінші таймда командалар тең ойын көрсетті, бірақ көп жағдайда доп «қызыл сойқандарда» болды. Ал таймның ең соңында Рубен Аморим шәкірттері босаңсып, оның ақысын төледі - ол уақытта «спурс» өз сәтін тапты. 42-минутта Папе Саррдың пасынан кейін Онананың қақпа аймағында рикошеттер сериясы орын алып, доп қақпаға кіріп кетті. Голдың авторы Бреннан Джонсон болды.
Осылайша, лондондық «Тоттенхэм» «тұманды Альбионның» тағы бір командасын қапы қалдырып, 2024/25 жылғы Еуропа лигасының жеңімпазы атанды. Команда трофейлік қуаңшылықты бұзды – «Тоттенхэм» соңғы рет трофейді 2008 жылы жеңіп алған болатын. Сондай-ақ, бұл жүлде «Тоттенхэмнің» 1984 жылдан бері бірінші халықаралық трофейі.
Еуропа лигасы. Финал. 22 мамыр
«Тоттенхэм» (Англия) - «Манчестер Юнайтед» (Англия) - 1:0
Гол: Джонсон, 42.
«Тоттенхэм»: Викарио - Удогие (Спенс, 90), ван де Вен, Ромеро, Порро - Бентанкур, Биссума, Сарр (Грей, 90) - Ришарлисон (Сон, 62), Соланке, Джонсон (Дансо, 78).
«Манчестер Юнайтед»: Онана - Шоу, Магуайр, Йоро - Доргу (Майну, 90), Фернандеш, Каземиро, Мазрауи (Далот, 85) - Маунт (Гарначо, 71), Хойлунд (Зиркзее, 71), Диалло.
Ескертулер: Ван де Вен, 49, Ришарлисон, 58, Биссума, 68 - Диалло, 35, Магуайр, 88, Эванс, 90+2.
