locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жалғыз жанкүйер: Чемпиондар лигасы финалындағы жеңілістен кейін «Интерді» әуежайда бір ғана жанкүйер қарсы алды

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Жалғыз жанкүйер: Чемпиондар лигасы финалындағы жеңілістен кейін «Интерді» әуежайда бір ғана жанкүйер қарсы алды
ФОТО: inter инстаграм парақшасынан

«Интер» командасы Чемпиондар лигасының финалында «Пари Сен-Жерменнен» 0:5 есебімен ойсырай жеңілген соң, Миланның Мальпенса әуежайында оларды тек бір ғана жанкүйер қарсы алды, деп хабарлайды La Gazzetta dello Sport басылымы.

«Мүмкін мен жалғыз ақымақ шығармын... Бірақ олар бәрібір қолдауға лайық», – деді жалғыз өзі тұрған жанкүйер.

Ол қолдау сөздерін бас бапкер Симоне Индзагиге және шабуылшы Маркус Тюрамға арнағанымен, екеуі де жауап қатпаған.

Айта кетейік, бұл – миландықтар үшін қатарынан екінші финалдағы жеңіліс. 2022/23 маусымында олар «Манчестер Ситиден» 0:1 есебімен ұтылған болатын.

Ал «Пари Сен-Жермен» үшін бұл жеңіс – тарихи, себебі клуб алғаш рет Чемпиондар лигасының кубогын иеленді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie