«ПСЖ» тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Париждіктер финалда «Интерді» сенімді түрде ұтты
31 мамырдан 1 маусымға қараған түні Чемпиондар лигасының финалдық ойыны «ПСЖ» пен «Интер» арасында өтті.
Финал Мюнхендегі (Германия) «Альянц Аренада» өтіп, париждіктердің сенімді жеңісімен аяқталды. Матчты румындық төреші Иштван Ковач басқарды.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Бірінші тайм толығымен «ПСЖ-ның» пайдасына шешілді – команда барлық көрсеткіштер бойынша «Интерді» басып озып, екі жауапсыз гол соқты. Ашраф Хакими мен Дезире Дуэ есепке өзгерулер енгізді.
Екінші таймда париждіктер тағы үш гол соғып, 5:0 есебімен ойынды аяқтады. Дезире Дуэ Чемпиондар лигасының финалында дублдің ең жас авторы атанды, Хвича Кварацхелия мен Сенни Маюлу да гол соқты.
Осылайша, «ПСЖ» финалда «Интерді» ұтып, тарихта тұңғыш рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Париждік клуб осы маусымда Франция Кубогы мен чемпионатын жеңіп, «алтын хет-трик» жасады, .
Чемпиондар лигасы. Финал. 1 маусым
«ПСЖ» (Франция) - «Интер» (Италия) - 5:0
Голдар: Хакими, 12, Дуэ, 20, 63, Кварацхелия, 73, Маюлу, 87.
«ПСЖ»: Доннарумма - Мендеш (Эрнандес, 78), Пачо, Маркиньос, Хакими - Руис (Маюлу, 84), Витинья, Невеш (Заир-Эмери, 84) - Кварацхелия (Рамуш, 84), Дембеле, Дуэ (Барколя, 66).
«Интер»: Зоммер - Бастони, Ачерби, Павар (Биссек, 53, Дармиан, 62)- Димарко (Залевски, 53), Мхитарян (Аугусто, 62), Чалханоглу (Аслани, 70), Барелла, Дамфрис - Мартинес, Тюрам.
Ескертулер: Дуэ, 65, Хакими, 90 - Залевски, 56, Тюрам, 69, Ачерби, 71.
