Луис Энрике Чемпиондар лигасындағы жеңісі туралы: Маусымның басынан мақсатым тарихты жазу болды
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
«ПСЖ» бас бапкері Луис Энрике 2024/25 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасын жеңгеннен кейінгі эмоцияларымен бөлісті.
Энрике шәкірттері еурокубок финалында «Интерді» 5:0 есебімен ұтты.
«Тарихты өзгерті маусымның басынан-ақ менің мақсатым болды. Үлкен мерекені өткізудің уақыты келді! Мен ойыншылар мен жанкүйерлер арасындағы шынайы байланысты сезіндім. Менің ойымша, біз бұған лайық едік. Бұл деңгейде ойнау қиын, бірақ қысымды қалай жеңу керектігін білдік», - деді маман.
Энрике тағы бір керемет жетістікке жетті - ол екі түрлі клубпен требл жасаған тарихтағы екінші жаттықтырушы болды. Бұған дейін испандық маман 2014/15 маусымында «Барселона» сапында «алтын хет-трик» жасаған болатын.