Үшінші ойын бәрін шешеді: Путинцева Қазақстанға Испаниямен матчта алғашқы ұпайды сыйлады
Қазақстан мен Испания құрамалары арасындағы Билли Джин Кинг кубогының ширек финалдық қарсыласуы аясындағы екінші жекпе-жек Юлия Путинцеваның Кристина Буксаны 2:1 есебімен жеңуімен аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстанның жекелей сындағы екінші ракеткасы міндетті түрде жеңіске жетуі керек еді. Себебі Соня Жиенбаеваның Джессика Бузас Манейродан жеңілгенінен кейін Путинцеваның жеңілісі Қазақстан құрамасының турнирден шығып қалуын білдіретін еді.
Алайда Путинцева әлемнің қазіргі 35-ракеткасын жеңді, бұл үшін оған үш сет қажет болды. Айта кетерлігі, қазақстандық теннисші жеңіске жетуге 1 сағат 6 минут жұмсады: ол Буксаны бірінші және шешуші үшінші сетте тиісінше 6:2 және 6:1 есебімен ұтты.
Ең ұзаққа созылған екінші партияда испаниялық теннисші 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ол 47 минутқа созылды, алайда енді Букса жұмсаған уақытына өкінетін шығар: Қазақстан Испаниямен матчта алғашқы ұпайын алды.
Теннис. Билли Джин Кинг кубогі, 1/4 финал
Юлия Путинцева (WTA рейтингі бойынша №78) — Кристина Букса (WTA рейтингі бойынша №35) — 2:1 (6:2, 3:6, 6:1)
Матчтың жалпы есебі: 1:1
Енді барлығын қазақстандық Анна Данилина мен Жібек Құламбаеваның дәл сол Букса және Сара Соррибес-Тормомен өтетін жұптық кездесуі шешеді. Оның жеңімпазы өз құрамасына екінші ұпайды және онымен бірге Билли Джин Кинг кубогінің жартылай финалына жолдама әкеледі.