Жақын арада болмайды: Моуринью «Реалда» қашан таныстырылатыны белгілі болды
Жанкүйерлерге ресми хабарландыруды біраз күтуге тура келеді
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Getty Images
10 маусымға қараған түні «Бенфика» Жозе Моуриньюдің «Реалға» ауысуы іс жүзінде аяқталғанын жариялады. Алайда, бапкерді «Сантьяго Бернабеуде» жақын арада таныстырмайды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Фабрицио Романоның мәліметінше, Моуриньюді «Реалдың» жаңа-ескі бас бапкері ретінде ресми таныстыру шілде айында өтеді.
Мұндай кідірістің себебі әзірге белгісіз, бірақ италиялық инсайдер 9 маусым күні Моуриньюдің «Реал» басшылығымен ойыншылар мен тактикалық стратегияларға қатысты ұзақ кездесу өткізгенін хабарлады.
Еске сала кетейік, бұған дейін «корольдік клуб» ресми түрде Альваро Арбелоамен қоштасқан болатын. «Бенфика» ұсынған мәліметке сүйенсек, Моуриньюді қайта жұмысқа алу «Реалға» 15 млн еуроға түсті.