«Реал» Марк Кукурелья трансферін ресми түрде жариялады
Тараптар алты жылға — 2032 жылға дейін келісімшартқа қол қойды
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
фото: ФК "Реал"
Мадридтік «Реал» өздерінің ресми сайтында «Челси» қорғаушысы Марк Кукурельяның трансфері туралы жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Клуб хабарламасында тараптар алты жылға — 2032 жылға дейін келісімшартқа қол қойғаны айтылған. Мәлімдемеде.
Өткен маусымда Кукурелья барлық турнирлерде 50 матчқа қатысып, бір гол және төрт нәтижелі пас берген. Футболшының клубпен қазіргі еңбек келісімі 2029 жылдың жазына дейін жарамды.
Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының нарықтық бағасы 50 млн еуроға бағаланған.
Бұған дейін БАҚ-да «Реал» Кукурелья үшін 55 млн еуро төлейтіні айтылған болатын. Тағы 5 млн еуроны «Челси» футболшының «Реалдағы» жетістіктері үшін бонус түрінде алуы мүмкін.